24 Қыркүйек, 11:23 1196 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Пара алудан "көш бастап" тұрған аймақтар анықталды

Елімізде пара алу фактілері жиілеп кетті: бұл көрсеткіш бір жылда 11%-ға артқан. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен екісі парақорлыққа тиесілі, деп хабарлайды Finprom.kz.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы 1,6 мың сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,6%-ға төмен. Олардың үштен екісін пара алу оқиғалары құрап тұр.

Жыл басталғалы елде 993 пара алу оқиғасы тіркелді – 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға көп. Оның ішінде 555-і – пара алу, 404-і – пара беру, 34 жағдай – делдалдық оқиғасы.

Аймақтар бойынша пара алу оқиғаларымен Батыс Қазақстан облысы «көшбасшы» болып тұр – 97 жағдай, жылдық өсім бірден екі есеге артты. Екінші және үшінші орындарда Алматы (87 жағдай, 47,5%) және Шығыс Қазақстан (76 жағдай, минус 3,8%) облыстары тұр.

 

Соңғы жаңалықтар