Жаңалықтар

Қостанай облысында екі ауданға жаңа басшы тағайындалды

ашық дереккөзі

Қостанай облысында екі ауданға жаңа басшы тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов екі аудан әкімдерін тағайындады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Архимед Мұхамбетов Қостанай аудандық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Қостанай ауданының жаңа әкімін тағайындады. Жергілікті әкімдік активіне ауданның жаңа басшысы Жансұлтан Таукенов таныстырылды. Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов 1975 жылы 5 қазанда Қостанай облысы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Бұған дейін «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарған.