«Талдықорған» индустриялық аймағында 12 зауыт салынады

«Талдықорған» индустриялық аймағында 12 зауыт салынады

«Талдықорған» индустриялық аймағында 12 зауыт салынады
ашық дереккөзі
Алматы облысында бірер жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен 8 ірі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады  www.24.kz. Олардың үшеуі Іле өзеніндегі «Кербұлақ» қарсы реттеуші суэлектр стансасы мен Шелек дәлізіндегі жел электр стансасының құрылысы, сондай-ақ Шелек өңірінің энергия әлеуетін дамыту жобасы. «Инвестиция тартуға қолайлы тағы бір орын -«Талдықорған» индустриялық аймағы» дейді сарапшылар. Жыл соңына дейін онда қажетті коммуникация жүргізіліп, теміржол тартылып, тасжол төселмек . Өндірістік аймақ аумағында бүгінде соя зауыты, ет және нан комбинаты салынуда. Мұнда құрылыс жүргізуге 12 компания өтініш берген. «Жеті жарым мыңдай адамға жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Индустриялық аймақтың көлемі - 600 гектар, бұл - өте үлкен аумақ. Онда 40-қа тарта өндіріс іске қосылуы тиіс. Кем дегенде 100-120 миллиард теңге инвестиция тартуды көздеп отырмыз», - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Маржан Мұрат.