Жаңалықтар

Праймериз-2020: бір орынға 4 үміткер таласуда

ашық дереккөзі

Праймериз-2020: бір орынға 4 үміткер таласуда

«Nur Otan» партиясының партияішілік сайлауында онлайн-дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 700 мыңға жуық партия мүшесі тіркелді. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nur Otan» праймеризіне 11 мыңға жуық үміткер қатысуда. Еліміз бойынша орта есеппен бір орынға төрт адам үміткер болып отыр. Кандидаттардың 70%-ы өзін-өзі ұсынғандар, ал мыңға жуығы – партияның жаңа мүшелері. 37%-ы – әйелдер, 29%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас. Еске сала кетейік, «Nur Otan» праймеризінің басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау. Сондай-ақ, партия электрондық дауыс беруді ұйымдастыру үшін мобильді қосымша мен primaries.kz веб-порталының мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін «бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес» қағидаты бойынша растау (верификация) жүйесі қолданылды. Кандидаттардың рейтингісі бар праймериздің қорытындысы 5 қазанда жарияланады. https://youtu.be/EP6GryNJNB4