22 Қыркүйек, 12:45 389 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Министр ғылыми жәдігерлерді цифрландыруды тапсырды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының барлық жәдігері мен құжатын цифрландыруды тапсырды.

«Қазақ әдебиеті мен мектептегі кітапханалар бойынша тиісті тапсырма берілді. Оны ары қарай жүргізу керек. Ұлттық ғылым академиясымен бірге бұл жұмысты соңына жеткіземіз. Маңызды мәселенің бірі – цифрландыру. Біз сіздерде жиналған ауқымды рухани байлықты, жәдігерлер мен ұлт мұраларын цифрландыруымыз керек. Ол үшін не қажет? Бізге өтініштеріңізді жіберіңіздер. Мәселені реттейміз», – деді министр.

Асхат Аймағамбетов сонымен қатар ғылыми институттардың мақсаты – ғылыми ізденіс екенін, алайда олар ол жұмыстан бөлек қоғаммен жұмыс жүргізуі керектігін еске салды.

«Қоғамда болып жатқан әртүрлі құбылыстарға ойын айту, сарапшы ретінде араласу, шын мәнінде кез келген оқиғаға ғылыми негіз беру – өте маңызды мәселе. Біздің ғылыми зерттеу институттары осы жұмысты ұмытпауы керек. Әлбетте, зерттеу – басты жұмыс. Алайда қоғамдағы оқиғаларға ғылыми негізде түсінік беріп отыру маңызды», – деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар