Тұтынушының құқығын қорғайтын кеңес құрылады

Тұтынушының құқығын қорғайтын кеңес құрылады

Тұтынушының құқығын қорғайтын кеңес құрылады
ашық дереккөзі
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді. «Қазіргі кезде елімізде тұтынушы құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен оларды ірілендіру және салалық негізде нығайту принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл қоғамдық секторға салалық мемлекеттік органдармен толыққанды ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, бұл халықтың мәдениетін және тұтынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «Бұдан басқа, «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» Заңында тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру көзделген. Оның отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері талқыланып, кемшіліктер анықталып, тиісті шешімдер қабылданады. Осы кеңестің құрамы мен ережесі Үкіметтің қарауында», – деді Б.Сұлтанов. Сондай-ақ, министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы атқарылған жұмыстар туралы аналитикалық баяндаманы Үкіметке жыл сайын ұсынатын болады.