Жаңалықтар

Қазақтар мен тәжіктер төбелесіп қалды

ашық дереккөзі

Қазақтар мен тәжіктер төбелесіп қалды

Шымкент қаласына жақын маңдағы ауылда жергілікті жастар тәжік жастарымен төбелесіп қалды. Жаппай төбелес 31 шілдеде тәжік баласы кәмелет жасқа толмаған қазақ қызын зорлады деген қауесеттен кейін болған. Бірқатар ақпарат агенттіктерінің мәліметі бойынша, полицияның үлкен тобы ауылды айналдыра қоршап тұр. Олар жаппай төбелеске басқа ауылдың тұрғындары қосылып кетпеуіне жол бермейді. Азаттық радиосының Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Сырым Абдуллаевқа сілтеме жасап хабарлауынша, Мақтарал ауданына қарасты Сейфуллин ауылындағы жаппай төбелес нәтижесінде үш адам жараланып, бір дүкеннің терезесіндегі әйнектер сынған. Абдуллаевтың хабарлауынша, кәмелет жасқа толмаған қызды тексерген дәрігерлер оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Полиция қызметкерінің айтуынша, тәжік баласы қамауға алынған жоқ, оны қазір әке-шешесі бақылап отыр. Бірақ жаппай төбелес фактісі бойынша шұғыл тергеу бригадасы құрылды.