Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды

Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды

Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
Батыр Молдахметов Алматы облысының Текелі қаласына әкім болып тағайындалды.  Батыр Қайыркенұлы Молдахметов 1978 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "Инженер-педагог" мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Д. Қонаев атындағы университетін "Заңтану" мамандығы бойынша, 2007 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ үлттық техникалық университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша тәмамдаған.​2000-2001 жылдары ҚР Қарулы Күштерінде қызмет өткерген. Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен.​2018 жылдың қаңтар айынан – Текелі қаласы әкімінің орынбасары болды.