Жаңалықтар

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 31 миллионға жуықтады

ашық дереккөзі

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 31 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 31 миллионға жуықтады. Ал індет құрбандарының саны 959 мыңнан асып жығылды. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. Пандемия басталғалы жаһан елдерінде 30 929 163 адамнан індет анықталған. Қатерлі вирусты жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ, Үндістан және Бразилия елдері әлі де алда. АҚШ-та індетке шалдыққандар саны 6,8 миллионға жуықтаса, Үндістанда 5,4 миллион адамнан коронавирус анықталды. Бразилияда күні бүгінге дейін 4,5 миллион адам індет жұқтырған. Коронавирус құрбандарының саны жөнінен де осы үш мемлекет көш бастап тұр. АҚШ-та 199 мыңнан аса адам қайтыс болса, Бразилияда 137 мыңға жуық, ал Үндістанда 87 мыңға жуық найқас көз жұмды. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 45 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 107 307-ге жетті. 102 мыңға жуық адам емделіп шықты. Ал дерті асқынған 1671 адам қайтыс болды.