21 Қыркүйек, 09:15 529 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Елімізде халық саны 1,3 пайызға өсті

Қазақстанда бір жыл ішінде халық саны  1,3 пайызға өсіп, 18 767,5 мың адамды құрады.

Статистика комитетінің хабарлауынша, 2020 жылғы 1 тамызда еліміздегі халық саны 18767,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11049,0 мың (58,9%), ауылдықтар –7718,5 мың адам (41,1%). 2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,6 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (64,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (52,0 мың адам) және Шымкент (30,6 мың адам) қалаларында қалыптасты.

 

Соңғы жаңалықтар