Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан көз жұмды
Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан көз жұмды
Коронавирусқа шалдыққан Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев қайтыс болды. Марқұм 56 жаста болған, деп хабарлайды "Sputnik Oʻzbekiston".
Шенеуніктің қазасы жайлы ақпаратты Бұхара облысының билігі растады. Шілде айының соңында Барноевтың коронавирус жұқтырғаны анықталып, ұзақ уақыт бойы індеттен емделген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өмірінің соңғы күндерін саясаткер Германияда өткізген.
Үкімет басшысының орынбасары қызметіне ол 2020 жылдың ақпанында тағайындалған. Ал шілде айынан бері Өзбекстанның жылқы шаруашылығы және ат спорты федерациясын басқарды.
2016 жылдың желтоқсанынан биылғы жылға дейін Бұхара облысының хокимі болған.