20 Қыркүйек, 16:41 497 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: 104 науқастың жағдайы ауыр

Ел ауруханаларында коронавирусқа шалдыққан 3690 адам ем қабылдап жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, емделіп жатқандардың арасында 40 сәби бар. Стационарларда 1900 науқас жатыр, 1790 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Мамандардың айтуынша, 104 науқастың денсаулық жағдайы ауыр. Соның ішінде 11 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 63 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 107 262-ге жетті. Індеттен 1671 отандасымыз көз жұмды. 102 мыңға жуық адам емделіп шықты.

Ал әлемде індетке шалдыққандар саны 30,6 миллионнан асып жығылды. Қатерлі вирустан 955 841 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар