АҚШ Ливиядағы ИМ-ге әуе шабуылын жасады

АҚШ Ливиядағы ИМ-ге әуе шабуылын жасады

АҚШ Ливиядағы ИМ-ге әуе шабуылын жасады
ашық дереккөзі

​АҚШ Ливиядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымы орналасқан жерге осы елдің өтініші бойынша, БҰҰ-ның қолдауымен әуе шабуылдарын жасады. Ливия үкіметі содырларды Сирт қаласынан қуып шығу үшін АҚШ-тан көмек сұраған.
"Бірінші әуе соққылары Сирттағы белгіленген жерлерге жасалды. ИМ-нің айтарлықтай мүшелері жойылды", – деп мәлімдеді Ливия премьер-министрі Фаиз Сарадж мемлекеттік телеарналар арқылы. АҚШ президенті Барак Обама әуе шабуылдарын қолдады деп хабарлады Ақ үй. Обама мұндай шешімді қорғаныс министрі Эштон Картер мен қарулы күштер штаб басшыларының комитет төрағасы Джозеф Данфордпен келіскеннен кейін қабылдаған. Пентагон төрағасы Питер Кук әуе шабуылдары аяқталды деп мәлімдеді. "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Сирт қаласын өткен жылы басып алып, ИМ-нің Сирия және Ирактағы негізгі базасы еткен.