Жаңалықтар

COVID-19: Испанияда карантин қайта күшейтілді

ашық дереккөзі

COVID-19: Испанияда карантин қайта күшейтілді

Испанияда коронавирус қайта өршіді. Індеттің таралуын тоқтату үшін Мадрид билігі қаланың бірнеше ауданында шектеу шараларын күшейтуге мәжбүр болды.   850 мың адам тұратын аудандарды қамтитын шектеу 2 аптаға созылады. Тұрғындар үйлерінен тек жұмысқа, мектепке немесе дәрігерге қаралу үшін ғана шыға алады. Саябақтар жабылып, дүкендер кешкі сағат 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. 6 адамнан көп кісінің жиналуына тыйым салынады. Қала тұрғындары шектеулер негізінен кедей аудандарға енгізілгелі жатқанын айтып, шағымдануда. Олардың пікірінше, жаңа шектеулер еш нәтиже бермейді. Себебі метроларда адам көп.Қоғамдық көлікке күннің қай мезгілінде де жолаушы қарасы үзілмейді. Сондықтан метро вирустың таралуын өршітетін негізгі орындардың біріне айналып отыр дейді мадридтіктер. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Испанияда 640 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Елде індет құрбандарының саны 30 мыңнан асты. Ал әлемде індетке шалдыққандар саны 30,6 миллионнан асып жығылды. Қатерлі вирустан 955 841 адам қайтыс болды. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 63 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 107 262-ге жетті. Індеттен 1671 отандасымыз көз жұмды. 102 мыңға жуық адам емделіп шықты.