ОҚО әкімі Риоға баратын спортшылардың дайындығын пысықтады

ОҚО әкімі Риоға баратын спортшылардың дайындығын пысықтады

ОҚО әкімі Риоға баратын спортшылардың дайындығын пысықтады
ашық дереккөзі
Кеше өңір басшысы Б.Атамқұлов облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаевты қабылдады. Кездесуде тараптар 5 тамыз күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиада ойындарында Оңтүстіктің ғана емес, бүкіл еліміздің намысын қорғайтын спортшыларымыз туралы сөз етті. Күнгей спортшыларының дайындығы туралы баяндап, бірқатар сайыпқырандарымыздың кейбір спорт түрлері бойынша Латын Америкасында дайындығын пысықтап жатқанын айтқан басқарма басшысы өзі бастаған делегацияның ертең, 2 тамыз күні, кешкісін жолға шығатынын жеткізді. Өз кезегінде, облыс әкімі байрақты бәсекеде спортшыларымыздың жұлдызы жанатынына сенім білдіріп, жерлестерімізге сәттілік тіледі. Айта кеткен жөн, Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының атынан 21 спортшы сынға түсетін болады. Олимпиадалық аренаға алғашқы болып дзюдошыларымыз шығады деп күтілуде.