Жаңалықтар

«Жаһандық жаңалық» конференциясы өтті

ашық дереккөзі

«Жаһандық жаңалық» конференциясы өтті

Бүгін, 18 қыркүйек күні Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ғаламдық, яғни мәңгі, тұрақты күнтізбеге арналған «Жаһандық жаңалық» атты конференция  өтті.  Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жоғары Мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, Халықаралық Акмеология ғылым академиясының  академигі, халықаралық Платон сыйлығының иегері Сайлыбай Бекболатов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Басқосуға белгілі ғалым Сайлыбай Бекболатовтың ғаламдық  күнтізбеге қатысты тұжырымдары мен ұсыныстары арқау болды. Ғалымдар мәңгі тұрақты күнтізбе туралы баяндама жасап, ежелгі түркілік танымнан бастау алған 13 ай/28 күндік мәңгі тұрақты күнтізбенің адамзатқа беретін тағылымы жайында  пайымды пікірлерімен бөлісті.