Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

18 қыркүйек, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет «Қазгидромет» РМК мәліметінше, қыркүйектің 19-21 аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер етеді. Осыған қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның батысына Мәскеу аудандарынан келетін циклон ықпал етеді. Ол жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел, дауыл тудырады, бұршақ түсуі мүмкін.