Праймериз: Атырау облысында 70 жария пікірсайыс өтеді
Праймериз: Атырау облысында 70 жария пікірсайыс өтеді
Атырау облысында 30 қыркүйекке дейін 70 жария пікірсайыс ұйымдастырылып, оған 404 кандидаттар қатысуы керек. Кандидаттардың орташа жасы – 38 жас. Бүгінде 7 аудан, қалада жария пікірсайыстар өткізіліп жатыр.
Үміткерлердің кәсіби құрамына келсек, бизнес өкілдері – 26 (6,4%), білім беру саласының өкілдері – 20 (4,9%), кәсіпорын саласының өкілдері –11 (2,7%), жастар – 10 (2,4%), БАҚ өкілдері – 4(0,9%), мүмкіндігі шектеулі жандар – 4(0,9%), денсаулық сақтау саласының өкілдері – 3 (0,7%), ҮЕҰ өкілдері – 3 (0,7%), спорт саласының өкілдері – 3 (0,7%), мәдениет саласының өкілдері – 1 (0,2%), ауыл шаруашылық саласының өкілдері – 1 (0,2%), көп балалы ана -1 (0,2%), этномәдениет өкілдері -1 (0,2%), ауылшаруашылық саласының өкілдері – 1 (0,2%).