Жаңалықтар

Nur Otan праймеризінде дауыс беру үшін 560 мың адам тіркелді

ашық дереккөзі

Nur Otan праймеризінде дауыс беру үшін 560 мың адам тіркелді

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 1-3 қазан аралығында өтетін партияішілік сайлауда дауыс беру үшін арнайы мобильді қосымшаны жүктеп, «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды. Бүгінге дейін жүйеге 560 мыңнан астам партия мүшесі тіркеліп үлгерді. Б.Байбектің айтуынша, ол әріптестеріммен бірге партияішілік праймериз қатысушыларының үгіт-насихат кездесуіне барған. Елорданың Есіл ауданы бойынша 15 кандидат «Nur Otan» партиясының Орталық аппараты жанындағы бастауыш ұйымда өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Ол іс-шараның жарыс сипатында болғанымен, өзара сыйластық аясында өткенін атап өтті. Партия Төрағасының бірінші орынбасары сондай-ақ, осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа қоныс аударып, кейіннен елге қайта оралған азаматтың балалар мен жасөспірімдер арасында есірткінің таралуына қарсы күресі бойынша келтірген деректері мен ұсынған іс-шаралары жұртшылықтың назарын аударғанын айтты. Өз бағдарламасында елорданы заманауи урбанистика қағидаттарына сәйкес дамыту мәселелерін өзек еткен ең жас кандидатқа Бауыржан Байбек «Болашақ» қауымдастығы қазақ тіліне аударған «Бақытты қала» деген жайлы қалалық орта құру туралы кітапты сыйлайтын болды.