Балалар ойнайтын алаңға темекі тұқылын тастаған шенеунік жазаланды
Балалар ойнайтын алаңға темекі тұқылын тастаған шенеунік жазаланды
Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің маманы бейәдеп қылығы үшін жазаланды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция ақпаратына сүйенсек, Қарасай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы балалар ойнайтын алаңға темекі тұқылын тастаған.
«Қарасай ауданы полициясының учаскелік инспекторы Н. есімді азаматқа 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды» делінген полиция хабарламасында.