Жаңалықтар

Праймериз: Түркістан облысында 700-ден астам іс-шара өтті

ашық дереккөзі

Праймериз: Түркістан облысында 700-ден астам іс-шара өтті

Түркістан облысы тұрғындарының саяси белсенділігі күн санап артып келеді. Оған дәлел ретінде 1 144 түркістандықтың «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқанын мысал ретінде айтсақ та болады. 14-16 қыркүйек аралығында өңірде 75 дебат өткізіліп, оған 368 кандидат қатысқан. Жалпы Түркістан облысында праймериздің үгіт-насихат кезеңі басталғалы, яғни 7-16 қыркүйек аралығында 724 іс-шара ұйымдастырылған. Оған 15 мыңнан астам адам қатысқан. Оның басым бөлігі ауыл тұрғындары. Сондай-ақ 650-ден астам іс-шара онлайн режиімінде өткізілген. Праймеризге тіркелген 1 144 үміткердің 1 077-сі үгіт-насихат кезеңіне атсалысып, кездесулерге келді. Бастауыш партия ұйымдарында 338 кездесу өткізіліп, оған 10 397 адам қатысты. Есіктен – есікке акциясына 264 кандидат қатысып, 1 761 адамды қамтыған.