17 Қыркүйек, 17:39 397 0 Праймериз Арайлым Бимендиева

Праймериз: Түркістан облысында 700-ден астам іс-шара өтті

Түркістан облысы тұрғындарының саяси белсенділігі күн санап артып келеді. Оған дәлел ретінде 1 144 түркістандықтың «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқанын мысал ретінде айтсақ та болады. 14-16 қыркүйек аралығында өңірде 75 дебат өткізіліп, оған 368 кандидат қатысқан.

Жалпы Түркістан облысында праймериздің үгіт-насихат кезеңі басталғалы, яғни 7-16 қыркүйек аралығында 724 іс-шара ұйымдастырылған. Оған 15 мыңнан астам адам қатысқан. Оның басым бөлігі ауыл тұрғындары. Сондай-ақ 650-ден астам іс-шара онлайн режиімінде өткізілген. Праймеризге тіркелген 1 144 үміткердің 1 077-сі үгіт-насихат кезеңіне атсалысып, кездесулерге келді. Бастауыш партия ұйымдарында 338 кездесу өткізіліп, оған 10 397 адам қатысты. Есіктен – есікке акциясына 264 кандидат қатысып, 1 761 адамды қамтыған.

Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан облысында жүріп жатқан праймериз кезінде карантиндік сақтық шаралары да ережеге сай сақталуда. Бұдан бөлек, «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 206 сілтеме, әлеуметтік желілерге праймериз туралы мыңнан астам пост жарияланған.

Соңғы жаңалықтар