Жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеліп соғатын қаупі анықталды

ашық дереккөзі

Коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеліп соғатын қаупі анықталды

Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары коронавирустың асқынуы кезінде қолданылатын азитромицин препаратының денсаулыққа залалы бар екенін анықтады. Бұл дәрі өзге кейбір өзге дәрілермен қатар қабылданған жағдайда жүрек талмасын тудыруы мүмкін. Препараттың өлімге әкеліп соғатын қаупі жайлы JAMA Network Open журналында жарияланған мақалада айтылған. Зерттеушілер 4 миллионнан астам емделушінің деректерін талдай келе, азитромицинді жүректің электрлік импульсіне әсер етуші дәрілермен бірге қабылдау салдарынан жүрек жұмысының бұзылу жиілігі 40 пайызға артқанын, жүрек соғысының жиілеуі, тіпті жүректің тоқтап қалу жағдайлары көбейгенін анықтады. Электрлік импульске әсер етуші препараттарға артериалды қан қысымына қарсы дәрілер, антидепрессанттар мен опиоидтар жатады.