Жаңалықтар

COVID-19: Чехияда антирекорд тіркелді

ашық дереккөзі

COVID-19: Чехияда антирекорд тіркелді

Чехияда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды cz.24. Елде бір тәулік ішінде 1677 адамнан коронавирус анықталды. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 639 адамға артық. Мемлекет астанасындағы эпидемиологиялық ахуал алаңдатарлық.  Прагада соңғы бір аптада 100 мың тұрғынға шаққанда індет жұқтырудың 141 дерегі расталған. Чехияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Брнодағы 52 орындық университет ауруханасында 30 науқас емделуде. Пандемия басталғады елде барлығы 38 896 адамнан коронавирус анықталды. Дерті асқынған 476 адам көз жұмды. Қазіргі таңда мемлекетте вирус жұқтырған 15 807 адам ем қабылдап жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда мұғалімдер жаппай коронавирус жұқтырып, мектептер қайта жабылғанын хабарлағанбыз. Елдің Самарқанд облысында 250-ге тарта, Бұқара өңірінде 200-ден астам, ал Әндіжан аймағында 50 шақты ұстаздың індет жұқтырған.