Алматы ботаникалық бағы үш айда бюджетке 40 млн теңге кіріс әкелді

Алматы ботаникалық бағы үш айда бюджетке 40 млн теңге кіріс әкелді

Алматы ботаникалық бағы үш айда бюджетке 40 млн теңге кіріс әкелді
ашық дереккөзі
Қайта жаңартылған Алматы ботаникалық бағына үш айдың ішінде 210 мыңнан астам адам келіп, мемлекеттік бюджетке шамамен 40 млн теңге кіріс әкелді, – деп жазды ҚазАқпарат. 210 мың келушінің 44 мыңы – мектеп оқушысы, 15 мыңы – студенттер мен зейнеткерлер, қалғандары қала тұрғындары мен қонақтары. Жазда ботаникалық баққа күн сайын орта есеппен 2,5 мың адам келеді. «Қазір күзде келушілердің саны азайды. Десек те, бізге жұмыс күндері 1000-1500 адам, ал демалыс күндері 5000 адамға дейін келеді», – дейді Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнар Ситпаева. Сонымен қатар, Гүлнар Ситпаева тарифті көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. «Қазір кіру билеті 500 теңгені құрайды. Оның ішінде біз 277, 80 теңгені мемлекет кірісіне аударамыз. Бұл 0,1 АЕК құрайды. Біз әр билеттен 0,1 АЕК мемлекет кірісіне аударуға міндеттіміз. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бюджетке 40 млн түсті. Нәтижесінде бізде аз ғана сома қалады. Біз тарифтерді көтеру мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл қалыпты тәжірибе. Яғни, ересек адамның билеті 900 теңге, балалар мен зейнеткерлер үшін 500 теңге болады. Ал, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тегін. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Менің ойымша, бұл келесі жылы жүзеге асырылады», – деп түсіндірді ол.