Жаңалықтар

Түркиядағы ағайындардың қатысуымен «Қандастар форумы» өтеді

ашық дереккөзі

Түркиядағы ағайындардың қатысуымен «Қандастар форумы» өтеді

«Отандастар қоры» әлемдік пандемия кезінде шетелде тұратын этникалық қазақтармен байланысты нығайту мақсатында 2020 жылы 16-қыркүйек сағат 15:00-де (Стамбул уақытымен сағат 12:00) Түркиядағы қандастарымыздың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн видеоконференция ұйымдастырады. Негізгі қарастырылатын сұрақтар: • Әлемдік пандемия кезіндегі Түркияда тұратын қандастардың ахуалы және экономикалық мүмкіндіктері; • Отандастар қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы қандастармен бірлесе атқарған жобалары; • ҚР шетелден келген кәсіпкерлерді инвестициялық қолдау шаралары. Іс-шара Zoom платфомасында өтеді. Сондай-ақ, «Отандастар қорының» Facebook парақшасында тікелей көрсетіледі. Іс-шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 байланыс орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласыңыздар.