Бурабайлық праймеризге қатысушылар өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды

Бурабайлық праймеризге қатысушылар өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды

Бурабайлық праймеризге қатысушылар өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды
ашық дереккөзі
Бурабай ауданына қарасты Веденовка ауылының мәдениет үйінде өткен сөз сайысында праймеризге қатысушылар елді мекендердің мәселесін шешу бойынша өз жоспарларымен бөлісті. Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта ой өрбітті. Бурабайлықтар үшін ауылшаруашылығын дамыту мен туризм саласына ерекше назар аудару мәселесі күн тәртібінде тұр. Сондай ақ «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуды және Щучье қаласын абаттандыру мен қала ішіндегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізуде шешімін күттірмес мәселе болып тұр. Ал Кенесары ханның есімін иемденген Кенесары ауылдық округі облыс орталығы Көкшетаудың дәл іргесінде орналасқанмен, ауыл ішіндегі жолдар көңіл көншітпейді. Зейнеткерлер пошта қызметінің сапасына көңілі толмаса, тұрғындар үшін мал жайылымы жоқтың қасы. Осы және өзге де маңызды сұрақтар праймеризге қатысушылардың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден тыңдап отырған тұрғындардан әрі дебатты тікелей тамашалаған сайлаушылар да өздерін мазалаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Жалпы, Бурабай аудандық филиалынан праймеризге 57 қатысуға тіркеліп, олар 13 дебат алаңында пікірсайысқа түседі