Жаңалықтар

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі Беларусьтағы ахуалды талқылайды

ашық дереккөзі

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі Беларусьтағы ахуалды талқылайды

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 18 қыркүйектегі отырысында Беларусьтағы ахуал талқыланбақ. Кезектен тыс отырысты өткізуге Еуроодақ бастамашыл болды.   Біріккен Ұлттар ұйымының адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Мишель Бачелеттің сөзінше, Беларусьтағы репрессиялар, ашық күш қолдану, азаптау және акцияға қатысушылардың қудалануы туралы барлық мәліметтерді зерттеп, кінәлілерді жауапқа тарту керек. Сондай-ақ, ол Беларусьта диалог пен реформалар қажет деген пікірде. Белоруссияда 9 тамызда өткен президент сайлауынан бері наразылық акциялары толастар емес. Жаңа мерзімге сайланған ел президенті Александр Лукашенконың отставкасын талап еткен ереуілшілер оның резиденциясы алдына дейін барып, өз талап-тілектерін айтты. БҰҰ Беларусьтағы бейбіт жиынға қатысқандарға қарсы күш қолданылғанын сынға алып, мемлекетте адам құқықтарының бұзылуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Еске сала кетейік, кеше  Ресей және Беларусь басшылары Владимир Путин мен Александр Лукашенко Сочиде кездесті. Бірге-бір форматында өткен кездесуге БАҚ өкілдері қатысқан жоқ. Келіссөздер барысында Ресей басшысы Беларусьқа 1,5 миллиард доллар несие беруге уәде бергені белгілі болды.