Алматы облысында 200-ден аса адам Qnet компаниясының құрығына ілінген
Алматы облысында 200-ден аса адам Qnet компаниясының құрығына ілінген
Елімізде Qnet желілік компаниясына қатысты 29 қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
Департамент басшысының дерегінше, Qnet компаниясының бас кеңсесі Малайзияда орналасқан. Компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта азаматтардан аталған компанияға қатысты 211 шағым тіркелген. Жалпы еліміз бойынша 29 қылмыстық іс тергелуде.
С. Әділов Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы Qnet компаниясының өкілдеріне қатысты 20 қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты.
«Алматы облысында 220 адамның задрап шеккені анықталды. Олар 160 млн теңге материалдық шығынға ұшыраған. Тергеу шаралары белсенді жүріп жатыр. Малайзия Корольдігіне халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді. Аталған қылмыстық іс нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», - деді департамент басшысы.