Жол сапасы, ауыз су мәселесі: Ақмолалық үміткерлер тың шешімдер ұсынды
Жол сапасы, ауыз су мәселесі: Ақмолалық үміткерлер тың шешімдер ұсынды
Ақмола облысы бойынша праймеризге қатысушылар арасында пікірсайыс қызу жүріп жатыр.
Бүгін Көкшетау, Степногорск қалалары мен Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Ерейментау, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград аудандарында жалпы саны 16 пікірсайыс өтті.
Дебат алаңында 68 праймеризге қатысушы өз бағдарламаларымен сөз сайысқа түсіп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілетін дебатты жалпы саны мыңнан аса азамат тамашалап, 500-ден аса партия мүшесі дебатқа тікелей қатысуға мүмкіндік алды.
14 қыркүйек басталған дебатқа жеребе арқылы анықталған азаматтар қатысып, өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сөз сайысына түсіп жатыр.
Олар бірінші кезеңде нақты елді мекендердің мәселесін шешу бойынша өз көзқарастарын білдірді. Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта ой өрбітті.
Мәселен, елорданың іргесінде орналасқан Целиноград ауданының тұрғындарын мазалайтын негізгі мәселелер праймеризге қатысушылардың сайлауалды бағдарламаларында жарық көрген. Әр кандидат өзінің нақты шешімін ұсынса, Ерейментаулық праймеризге қатысушылар ауылшаруашылығы саласына көңіл бөлу керектігін жеткізді.