Нұр-Сұлтанда праймериз үміткерлері сайлауалды бағдарламаларын ұсынды

Нұр-Сұлтанда праймериз үміткерлері сайлауалды бағдарламаларын ұсынды

Нұр-Сұлтанда праймериз үміткерлері сайлауалды бағдарламаларын ұсынды
ашық дереккөзі
Кеше елордада партияішілік іріктеу-праймеризге қатысушылардың ашық дебаты басталды. «Алматы» ауданының үш топ мүшелері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды. Пікірсайыстардың тақырыбы «Халықты әлеуметтік қорғау», «Нөсер канализациясының мәселелері» және «Қоғамдық көліктер». Естеріңізге сала кетейік, дебаттар 29 қыркүйекке дейін жексенбіден басқа күндері, күн сайын өтеді. Күніне 9-10 адамнан тұратын 3 топ қатысады. Ертең дәл осы уақытта праймеризге қатысушылар үлестік құрылыс, кәсіпкерлік және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша пікірталасқа түседі. Дебаттарды «Nur Otan» партиясы елордалық филиалының Facebook- тегі парақшасынан және Instagram -да Nurotan_nur.sultan парақшасынан тамашалауға болады.  width=