Жаңалықтар

АҚШ Қытай импортын шектей бастады

ашық дереккөзі

АҚШ Қытай импортын шектей бастады

Құрама Штаттар билігі Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданынан шығарылатын бірқатар тауардың импортына тыйым салды. Бұл туралы елдің ішкі қауіпсіздік министрлігі хабарлады.  Вашингтонның пікірінше, бұл ауданда мұсылмандардың құқығын таптайтын және оларды «қайта тәрбилеуге» арналған лагерьлер орналасқан. Нақтырақ айтқанда, Лоп уезінде өндіріліген тауарларға, Шыңжаң индустриалды паркінде жасалған шашқа арналған өнімдерге және бірқатар кытайлық компанияның тауарларына тыйым салынды. Еске сала кетсек, маусым айында Ақ үй басшысы Дональд Трамп ұйғырлардың құқығын қорғау туралы заңға қол қойған еді. Бұл құжат бойынша бірқатар қытайлық шенеунікке санкция салу жағы қарастырылған. Ал ресми Бейжің болса, америкалық тарап таққан айыпты жоққа шығарып келеді.