Жаңалықтар

Ауыр атлеттеріміз жарысты 6 тамызда бастайды

ашық дереккөзі

Ауыр атлеттеріміз жарысты 6 тамызда бастайды

Ал Рио-де-Жанейро олимпиадасында ел намысын қорғауға 8 спортшымыз аттанып кетті. Олар: Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін), сондай-ақ Маргарита Елисеева (48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін). Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Ауыр атлеттеріміз жарысты 6 тамызда бастайды. Бұл күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 7 тамыз таңғы сағат 04:00) әйелдер арасындағы бәсекеде 48 келідегі қызымыз М. Елисеева өнер көрсетеді. Ал жарыстың екінші күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 8 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында 56 келі салмақтағы легионеріміз А. Чонтей ел намысын қорғайды. Тамыздың 8-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 9 тамыз таңғы сағат 04:00) тағы бір легионер, ауыр атлетіміз 62 келі салмақтағы Ф. Харкидің зілтемірді қалай көтергенін көретін боламыз. Тамыздың 9-ы күні сағат 15:30-да (Астана уақыты бойынша 10 тамыз  сағат 00:30) 63 келі салмақтағы ауыр атлет қызымыз Л. Горичеваның өнерін тамашалаймыз. Тамыздың 10-ы күні 15:30-да (Астана уақыты бойынша 11 тамыз сағат 00:30)  қазақтың қаракөз қызы Ж. Жаппарқұл 69 келі салмақта ел намысын қорғайды. Осы күні кешкі сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 11 тамыз таңғы сағат 04:00) 77 келіде ерлер арасында Н. Рахимов сынға түседі. Тамыздың 12-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 13 тамыз таңғы сағат 04:00)  ерлер арасында 85 келі салмақта Д. Ұланов өз өнерін пәш етеді. Ауыр атлеттеріміздің бәсекесі үш күн үзілістен кейін, яғни тамыздың 15-і күні қайта жалғасады. Бұл күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 16 тамыз таңғы сағат 04:00) +105 келі салмақтағы зілтеміршіміз қызылордалық А. Зайчиков ел намысын қорғайды.