Жаңалықтар

2021 жылы ҰБТ базасы толық жаңартылады – министр

ашық дереккөзі

2021 жылы ҰБТ базасы толық жаңартылады – министр

2021 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне енгізілетін бірқатар өзгеріс енбек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде хабарлады.  «Әріптестерімізбен тестілеуді (ҰБТ) өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді», - деп жазды министр Facebook парақшасында. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілгендігіне қарамастан сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған. «Бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қоймаса,жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады. Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек. Талапкерлер тапсыратын пәндер бойынша да нақты шешім қабылдау қажет», - дейді ведомство басшысы. Министр ҰБТ арқылы оқушының мектепте алған білімін бағалау емес, жоғары оқу орнына түсерде өзі таңдаған мамандығы бойынша білім алуға деген дайындығын бағалау маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бейнежазбаларын тексеріп, 97 талапкердің грантын қайтарып алғанын хабарлағанбыз.