Жаңалықтар

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды

ашық дереккөзі

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 2 әйел қолға түсті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Аймақта «STOP трафик» жедел-профилактикалық шарасы аясында полиция қызметкерлері рейдтер ұйымдастырды. «Шара барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген 2 азаматша анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау жағдайы көрсетілген», - делінген департамент хабарламасында. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда дөрекілік көрсеткен 35 азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.