Ильин Лондондағы алтын медалінен айырылуы мүмкін

Ильин Лондондағы алтын медалінен айырылуы мүмкін

Ильин Лондондағы алтын медалінен айырылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиадаларда алынған допинг-сынамалары қайта тексеріп шықты. Тексерудің нәтижелері бойынша осыған дейінгі допинг дауына іліккен ауыр атлеттердің барлығының сынамалары оң нәтиже көрсеткен. Олардың бір қатарының есімдері де белгілі болды. Аты аталған спортшылардың бесеуі Лондон Олимпиадасында 94 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен. Олар: қазақстандық Илья Ильин (бірінші орын) мен Алмас Өтешов (жетінші орын), әзербайжандық Интигам Заиров (алтыншы орын), ресейлік Александр Деманов (төртінші орын) пен Александр Иванов (екінші орын). Міне, Лондонда ауыр атлетикадан бірінші, екінші орынды иеленген екі спортшы да допинг қолданғаны белгілі болды. Ал үздік үштікті түйіндеген  молдовалық Анатолий Кырыку жеңіп алғаны белгілі. Егер Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) бірінші, екінші орын алған спортшылардың медалін қайтарып алатын болса, Илиьннің медалі осы молдовалық ауыр атлетке бұйыруы мүмкін. Ал ресейлік спортшының күміс медалі бесінші орынды иеленген ирандық Саед Мохаммадпурға, қола медаль жарысты сегізінші орынмен аяқтаған кореялық Ким Мин Джеге тапсырылуы мүмкін. Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына төрт алтын сыйлаған Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза,  Светлана Подобедова, Илья Ильинді уақытша жарыстардан шеттеткен болатын. Биыл Риода төртеуі де жарысқа қатыса алмайды.