Жаңалықтар

Оралда праймериз үміткерлері аймақтың түйткілді мәселелерін талқылады

ашық дереккөзі

Оралда праймериз үміткерлері аймақтың түйткілді мәселелерін талқылады

Алғашқы пікірсайыста Мержан Әбілқас, Айнұр Арыстанова, Айгерім Ералиева, Медхат Қамбетов, Шаттық Өтебалиева өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды. Дебат кезінде алғашқы болып сөйлеу жеребе тарту бойынша анықталды. Әр қатысушы өзінің бағдарламасымен таныстырып, халықпен кездесу барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақтарды талқылады. Спикерлер қоғамның барлық салаларына қатысты көптеген мәселелерді қозғады. Көпбалалы отбасыларға берілетін жеңілдіктер, білім беру жүйесі, кәсіпкерлікті қолдау тақырыптары күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Дебатта көтерілген тағы бір маңызды әлеуметтік тақырып ол - ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсетіп, жұмысшы мамандығының беделін көтеру. Естеріңізге сала кетейік, праймеризге қатысушылар арасындағы дебат 14-30 қыркүйек аралығында өтіп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі. «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушыларға дауыс беру ағымдағы жылдың 1 мен 3 қазан аралығында өтеді.