Праймериз: Ақтөбелік кандидаттар өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды
Праймериз: Ақтөбелік кандидаттар өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды
Бүгін «Nur Otan» партиясы партияішілік сайлауы - праймеризге қатысқан кандидаттардың жария пікірсайысы басталды. Ақтөбе қаласынан тіркелген кандидаттардың жеребе арқылы анықталған бірінші тобы сөз сайысына түсті.
Олар бірінші кезеңде нақты елді мекендердің мәселесін шешу бойынша өз көзқарастарын білдірді. Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта ой өрбітті.
Праймеризге қатысушылардың арасында білім саласындағы қордаланған мәселелерді шешуге, экологияны жақсартуға өз ұсынысын айтқандар болды. Сондай-ақ жол сапасын жақсартуға жаңа технологияларды пайдалану, аулаларды абаттандыру мақсатында елімізде жоқ тәжірибелерді ұсынды.