Жаңалықтар

Алматыда праймериздің 40-қа жуық кандидаты пікірталасқа түсті

ашық дереккөзі

Алматыда праймериздің 40-қа жуық кандидаты пікірталасқа түсті

Бүгін партияның 8 аудандық филиалында жария пікірталас өткізіледі. Лото қағидаты бойынша жаңа форматта өткізілген жеребеге сәйкес дебатқа қатысушылар топтарға бөлінді. Алматыда пікірсайыстарды өткізудің белгіленген ережелерінен басқа, қала тұрғындары үшін әлеуметтік желілер арқылы өзекті сұрақтар қою мүмкіндігі көзделгенін атап өту керек. Мәселен, партияның Алатау аудандық филиалындағы пікірсайыста қалалықтардан сумен жабдықтаудың, «Қазақтелеком» желісі мен жарықтандырудың болмауы және Болашақ шағын ауданындағы аумақты абаттандырудың жетіспеушілігі туралы сұрақтар келіп түсті. Праймериз кандидаттары өз кезегінде аталған шағын аудандағы бар мәселелерді қалай шешетіндерін айтып берді.