Алматыда праймериздің 40-қа жуық кандидаты пікірталасқа түсті

Алматыда праймериздің 40-қа жуық кандидаты пікірталасқа түсті

Алматыда праймериздің 40-қа жуық кандидаты пікірталасқа түсті
ашық дереккөзі
Бүгін партияның 8 аудандық филиалында жария пікірталас өткізіледі. Лото қағидаты бойынша жаңа форматта өткізілген жеребеге сәйкес дебатқа қатысушылар топтарға бөлінді. Алматыда пікірсайыстарды өткізудің белгіленген ережелерінен басқа, қала тұрғындары үшін әлеуметтік желілер арқылы өзекті сұрақтар қою мүмкіндігі көзделгенін атап өту керек. Мәселен, партияның Алатау аудандық филиалындағы пікірсайыста қалалықтардан сумен жабдықтаудың, «Қазақтелеком» желісі мен жарықтандырудың болмауы және Болашақ шағын ауданындағы аумақты абаттандырудың жетіспеушілігі туралы сұрақтар келіп түсті. Праймериз кандидаттары өз кезегінде аталған шағын аудандағы бар мәселелерді қалай шешетіндерін айтып берді.  width= Осыған байланысты, үгіт-насихат жұмыстары барысында барлық дебат қатысушылары қала проблемаларына бей-жай қарамайтын алматылықтармен кездесу үшін проблемалық учаскелеріне баруды жоспарлады. Пікірсайыстың 30 қыркүйекке дейін өткізілетінін ескере отырып, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы барлық тұрғындарды өз мәселелерін партияның аудандық филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында қалдыруға шақырады, онда пікірталастардың кестесі мен құрамы үнемі жарияланады. Бұл праймериз үміткерлеріне жергілікті жағдайды жақсарту бойынша дайын ұсыныстармен пікірталасқа қатысуға мүмкіндік береді. Халықпен кері байланыс сайлау алдындағы бағдарламаларды пысықтау үшін мүмкіндіктерді кеңейтетіні және бірлесіп, оңтайлы шешімдерді табуға көмектесетіні сөзсіз. Естеріңізге салсақ, қаланың кейбір аудандарында 10-нан астам қатысушы бір депутаттық орынға үміткерлікте, ал «Nur Otan» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, олардың орташа жасы 42 жасты құрайды. Алматы қаласы бойынша пікірсайысқа барлығы 225 кандидат қатысады. Бұдан басқа, Алматы шағын және орта бизнес субъектілері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің саны бойынша көш бастап тұр. Шағын және орта бизнес секторы праймеризге қатысушылардың 50% - ын және 10% - дан астамын ҮЕҰ құрайды.