Жаңалықтар

Праймериз: Түркістанда ашық аспан астында пікірсайыс басталды

ашық дереккөзі

Праймериз: Түркістанда ашық аспан астында пікірсайыс басталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облысының аудан, қаласында жария пікірсайыс басталды. Түркістан қаласындағы дебат Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы амфитеатрда өтті. Ерекше орында ұйымдастырылған пікірсайысқа 6 үміткер қатысып, өз біліктілігі мен сөзге шешендіктерін көрсетті. Кезінде талай билер кеңесі өткізілген Түркістан төрінде пікірсайыстар да жоғары деңгейде өткізілді. Осы саяси додаға арнайы келген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Даладағы еркін форматтағы дебат қатысушыларға ерекше шабыт сыйлады. Олар көкейде жүрген ойларын айтып, бір-бірінің сайлауалды бағдарламалары бойынша сұрақтарын қойды. «Уәде беру – оңай. Оны орындау бар. Келешекте депутат болған тұлғалар да осы амфитеатрда, ел алдында есеп берсе», – дейді праймеризге қатысушылар.