Праймериз: Түркістанда ашық аспан астында пікірсайыс басталды

Праймериз: Түркістанда ашық аспан астында пікірсайыс басталды

Праймериз: Түркістанда ашық аспан астында пікірсайыс басталды
ашық дереккөзі
Бүгін «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облысының аудан, қаласында жария пікірсайыс басталды. Түркістан қаласындағы дебат Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы амфитеатрда өтті. Ерекше орында ұйымдастырылған пікірсайысқа 6 үміткер қатысып, өз біліктілігі мен сөзге шешендіктерін көрсетті. Кезінде талай билер кеңесі өткізілген Түркістан төрінде пікірсайыстар да жоғары деңгейде өткізілді. Осы саяси додаға арнайы келген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  width= «Бір дәуірлерде ашық аспан астындағы амфитеатрлар күш сайысы өтетін орындар болса, қазір көне шаһарда бұл орын ой сайыстыратын орталыққа айналды. Республика бойынша праймеризге қатысушылардың 1144-і Түркістан облысынан қатысып отыр. Соның ішінде Түркістан қаласынан 106 үміткер бақ сынауға бел байлапты. Мұндай дебаттардан тартынбау керек. Ой түкпіріндегі жоспарларыңызды, бағдарламаларыңызды ашық айтып, жұртшылыққа таныстырған жөн. Сіздерді ашық бәсекеде пікірсайыс талабы мен ережесін сақтай отырып, жоғары деңгейде пікір таластырады деп сенемін. Елбасының бастамасын қолдап, Түркістанды дамыту бағытында еңбек сіңіреді деп есептеймін. Қасиетті Түркістан төрінде саяси қадамды бастап, адалдық пен адамдықты ту етіп шығатындарыңызға сенімдімін. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді Бейсен Дәулетұлы.  width= Даладағы еркін форматтағы дебат қатысушыларға ерекше шабыт сыйлады. Олар көкейде жүрген ойларын айтып, бір-бірінің сайлауалды бағдарламалары бойынша сұрақтарын қойды. «Уәде беру – оңай. Оны орындау бар. Келешекте депутат болған тұлғалар да осы амфитеатрда, ел алдында есеп берсе», – дейді праймеризге қатысушылар.  width= Жалпы Түркістан облысында 30 қыркүйекке дейін 200-дей жария пікірсайыс ұйымдастырылып, оған 1100-ден астам кандидаттар қатысуы керек. Үміткерлердің кәсіби құрамына келсек, бизнес өкілдері – 187 (16,3%), білім беру саласының өкілдері – 343 (29,9%), ҮЕҰ өкілдері – 16 (1,4%). Кандидаттардың орташа жасы – 42 жас. Бүгінде 16 аудан, қалада жария пікірсайыстар өткізіліп жатыр.