Жаңалықтар

Елена Исинбаева Халықаралық жеңіл атлетика федерациясын сотқа бермекші

ашық дереккөзі

Елена Исинбаева Халықаралық жеңіл атлетика федерациясын сотқа бермекші

Олимпиада чемпионы Елена Исинбаева Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының олимпиада ойындарына жібермеу туралы шешімін Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл жөнінде "Интерфакс" хабарлайды. Ұзындықтан секіруші федерация Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына өзіне қатысты түпкілікті жібермеу туралы шешім қабылдағанын айтады. Таяуда ғана Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының федерациясы спорт министрі Виталий Мутконың Исинбаеваны олимпиадаға жіберу туралы өтінішін кері қайтарған. Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің антидопингтік зертхана талаптарының бұзылғандығы жөніндегі мәлімдемесінен кейін ресейлік жеңіл атлетшілер дисквалифицияланды. Құжатта ресейлік зертханалар спортшылардың допинг қолданғанын қасақана жасырып келгендігін, бұл іске ФСБ-ның қатысы бары айтылған. Бүгінгі күнге дейін жүзден астам ресейлік спортшы олимпиададан шеттетілді.