«Еңбек» бағдарламасы: Алматыда 700 ана өз кәсібін ашты
«Еңбек» бағдарламасы: Алматыда 700 ана өз кәсібін ашты
Алматыда биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 700 ана өз кәсібін бастады.
Жаңа бағдарлама туралы әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жазды.
«Көпбалалы аналарды қолдау үшін бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы барлық ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасын аштық. Жоба аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда. Курста кәсіпкерліктің әліппесі үйретіледі.