14 Қыркүйек, 17:21 535 0 Атажұрт Ділда УӘЛИБЕК

Қандасымыз қытай кинофестивалінде ең үздік актер атанды

Қытайдың XV Чаңчұн бүкілмемлкеттік кинофестивалі жеңімпаздарының есімі жарияланды. Кинофестивальге қатысқан «Дәуір ағысында» атты картинада басты рөлді сомдаған Қайрат Ғалымұлы Қытайдың «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығын еншілеген. Бұл туралы Қытайдың «Орталық халық радиосы» хабарлады.

Бұл «Дәуір ағысында» атты фильм Шынжаң ұйғұр автономиялы өлкесі Үгіт бөлімі, Шынжаң ақпарат баспасөз-радио-телевизия мекемесі мен Шынжаң Тянь-Шань киностудиясы бірлесіп түсірген.

Фильмде қытай қазақтарының заманға сай даму өзгерісі, көшпенді тұрмыстан біртіндеп отырықшы өмірге бет алуы, жаңа дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі бейнеленген.

 

Соңғы жаңалықтар