Жаңалықтар

"MegaCom" қайта сатуға қойылды

ашық дереккөзі

"MegaCom" қайта сатуға қойылды

Қырғызстанның «Альфа Телеком» ұлттық компаниясы өзіне тиесілі MegaCom ұялы байланыс операторын қайтадан сатуға қойды. Бұл жөнінде Мемлекеттік мүлікті басқау қорының өкілі хабарлады. Әзірге аукционның уақыты белгісіз. Компанияның бастапқы бағасы - 19 миллиард 7 миллион сом. Осының алдында да сатылымға қойғанымен, өтініш түспегендіктен аукцион өтпей қалған. Ел үкіметі одан түскен ақшаны елдегі жолдарды жөндеу жұмыстарына жұмсаймыз деп отыр. Еске сала кетейік, «Альфа Телеком» ЖАҚ 2009 жылдың маусым айында құрылды. Компания иесі Алексей Елисеев болды. 2010 жылы уақытша үкімет компанияның 49 пайызын мемлекетке өткізді. 2014 жылы компанияның 100 пайыз акция пакеті толықтай мемлекетке өтті. MegaCom қолданушыларының саны 2,5 миллионға жеткен. Оператор ел аумағының 90 пайызын мобилді байланыспен қамтамасыз етіп отыр. Алайда экономика министрлігі ол бәсекелестікке шыдамай, күйреуі мүмкін деп ескертеді.