14 Қыркүйек, 14:15 377 0 Саясат Ділда УӘЛИБЕК

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Жұманғаринді бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі жаңадан құрылған агенттіктің төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалсын», – деп жазылған жарлықта. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап 51 жастағы Жұмангарин Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі қызметін атқарды. Әр жылдары ол Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі, Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

9 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жарлығымен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Жаңа бөлім Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және тиісті тауар нарықтарындағы монополиялық қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына қатысты қызметті бақылау мен реттеу саласындағы функциялары мен өкілеттіктеріне берілді.

Соңғы жаңалықтар