Шымкентте карантин ұзартылды

Шымкентте карантин ұзартылды

Шымкентте карантин ұзартылды
ашық дереккөзі
Шымкентте карантиндік шектеулер 28 қыркүйекке дейін ұзартылды. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, демалыс күндері тек азық-түлік емес, ашық ауада жұмыс істейтін киім-кешек базарларына 06.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. SPA-орталықтары, сұлулық салондары мен шаштараздар 21.00-ге дейін жұмыс істей алады. Алайда демалыс және мереке күндері жұмыс шектеледі. Моншаларға да 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Демалыс және мереке күндері сауналар жұмыс істей алмайды. Қоғамдық көліктер дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 07.00-ден 21.00-ге дейін жүреді. Жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Айта кетейік, пандемия басталғалы Шымкентте 5183 адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 4,5 мыңға жуығы емделіп шықты. 62 адам көз жұмды. Ал республика бойынша 106 855 адам қатерлі індетке шалдықты. 100 мыңнан астам адам емделіп шықса, дерті асқынған 1634 науқас қайтыс болды. Сондай-ақ, коронавирус белгілеріне ұқсас пневмониядан тамыз айынан бері 328 адам көз жұмды.