Қару саудасымен айналысқан үш қылмыстық топтың жолы кесілді
Қару саудасымен айналысқан үш қылмыстық топтың жолы кесілді
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «А» және «Бүркіт» арнайы бөлімшелерін тарта отырып, астана төңірегінде жұртты қорқытып, рейдерлікпен және қару саудасымен айналысқан «Әлібековтер», «Ибрагимовтер» және «Махмудовтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының аса қауіпті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы операция шеңберінде аталған топтардың 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды, олардың біреуі Ресей Федерациясында бандитизм мен адам өлтіргені үшін халықаралық іздестіруде болатын. Атыс қаруының, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы алынды.
Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолда бар дәлелдемелерді бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Карантиндік шектеулер жағдайында қылмыстық топтар өздерінің қылмыстық белсенділігін төмендетпей, экономикалық қиындыққа тап болған кәсіпкерлерден қорқытып алумен және рейдерлікпен айналысуды жалғастырған. Бөтеннің мүлкін алып қою кезінде олар атыс қаруы мен дене күшін қолдану арқылы дөрекілік пен қатыгездік танытқан.