Айжан Есмағамбетова: Демалыс күндері енгізілетін шектеулерді алу мәселесі әзірге қарастырылмайды

Айжан Есмағамбетова: Демалыс күндері енгізілетін шектеулерді алу мәселесі әзірге қарастырылмайды

Айжан Есмағамбетова: Демалыс күндері енгізілетін шектеулерді алу мәселесі әзірге қарастырылмайды
ашық дереккөзі
Елімізде демалыс күндері енгізілетін шектеу шаралары қашан алынады? Бұл сауалға еліміздің Бас санитары Айжан Есмағамбетова жауап берді.  А.Есмағамбетованың айтуынша, демалыс күндеріндегі шектеу шараларын алып тастау туралы мәселе әзірге қарастырылмайды. «Бізде демалыс күндері онсыз да аздаған ғана шектеу қалып отыр. Адамдар көп жиналатын сауда, ойын-сауық орталықтарының, жабық базарлардың, фитнес-орталықтардың, спа-орталықтардың және сұлулық салондарының жұмысына ғана шектеу бар. Бұл өте төменгі талап саналады. Біздің міндетіміз – эпидемиологиялық ахуал тұрақтылығын сақтау және аурудың одан ары төмендеуіне қол жеткізу», - деп түсіндірді Бас санитар. Еске сала кетейік, бұған дейін Айжан Есмағамбетова ел ішінде 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин шаралары енгізілетіні жөнінде қауесет тарауына байланысты пікір білдірген болатын.